Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының м.а. 2014 жылғы 31 қазандағы № 35 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2018 жылғы 7 маусымдағы № 70 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Дене шынықтыру және спорт саласындағы негізгі көрсеткіштер туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7671204, индексі 2-ДШ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Дене шынықтыру және спорт саласындағы негізгі көрсеткіштер туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7671204, индексі 2-ДШ, кезеңділігі жылдық) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Спорт мектептері туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7681204, индексі 5-ДШ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Спорт мектептері туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7681204, индексі 5-ДШ, кезеңділігі жылдық) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Мамандандырылған оқу-спорттық мекемелері туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7691204, индексі 7-ДШ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;