Уәкілетті экономикалық операторлардың сауалнамасын, тізілімін және тізілімге енгізу туралы куәлігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 26 шілдедегі № 372 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 61-бабының 2-тармағына, 63-бабының 1-тармағына, 64-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлікті алуға арналған сауалнаманың нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлігінің нысаны.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (Кәрбозов Қ-К.Ж.) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 26 шілдедегі
№ 372 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлікті алуға арналған сауалнама
_________________________________________________________________________________________________
Заңды тұлғаның атауы
_________________________________________________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі
_________________________________________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы
1-Бөлім. Бизнесті ұйымдастыру
1.01 кіші бөлім. Ұйымдастыру сипаттамалары
| 1.01 | Сұрақ | стандарт | жауап |