Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесің құру туралы
Нахчыван келісіміне өзгерістер енгізу туралы
хаттама
(Самарқанд, 2022 жылғы 11 қарашада)
ҚР 2025 жылғы 23 мамырдағы № 191-VIII Заңымен осы Хаттаманың 10-бабын түсіндіру туралы мәлімдемемен ратификацияланды
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Әзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы және Өзбекстан Республикасы
бұдан әрі «Келісім» деп аталатын 2009 жылғы 3 қазанда Нахчыванда жасалған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісімінің 21-бабына сүйене отырып,
соңғы онжылдықтарда түркі мемлекеттері қол жеткізген елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық прогресті атап көрсете отырып,
түркі әлеміндегі қатынастардың эволюциясын және түркі мемлекеттерінің Келісім шеңберінде жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге деген ортақ ерік-жігерін атап көрсете отырып,
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің зор жетістіктерін және оның құрылған кезінен бастап институционалдық дамуын жоғары бағалай келіп, олардың түркі әлемінде және халықаралық форумдарда бірлескен және үйлестірілген іс-қимылдарды қамтамасыз етудегі ұйымның рөлін одан әрі арттыруға бейілділігін атап көрсете отырып,
Мемлекеттер басшылары кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі» атауын «Түркі мемлекеттері ұйымы» деп өзгерту туралы шешімін назарға ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Түркі мемлекеттері ұйымын құру туралы Нахчыван келісімі».
2-бап
Келісімнің 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
«Түркі мемлекеттері ұйымы
Тараптар «Түркі мемлекеттері ұйымы» (бұдан әрі - ТМҰ) деп аталатын халықаралық ұйымды құрады.».
3-бап
Келісімнің бүкіл мәтіні бойынша «ТМЫК» деген аббревиатура «ТМҰ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
4-бап
Келісімнің бүкіл мәтіні бойынша тиісті септіктердегі «түркітілдес мемлекеттер» деген сөздер «түркі мемлекеттері» деген сөздермен ауыстырылсын.
5-бап
Келісімнің 4-бабы мынадай редакцияда жазылсын: