Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 201 Қаулысы
(2019.28.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.28.10. № 258 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.28.10. № 258 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 22 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
| Ұлттық Банк Төрағасы | Г. Марченко |
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 шілдедегі
№ 201 қаулысымен
бекітілді
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.28.10. № 258 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу
қағидалары
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.28.10. № 258 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)