Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректердің негізінде әзірленген статистикалық
ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 113 Бұйрығы
(2014.22.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2) тармақшасына және 26-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереженің 19-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректердің негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті (С.К. Бралина) Жарияланымдар және ақпараттық технологиялар департаментімен (Д.Т. Жармұхамбетов) бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы Ю.К. Шоқамановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 20 мамырдағы № 113
бұйрығымен бекітілген
Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық