Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Aqua» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы
Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 13 маусымдағы № 55/03 Қаулысы
(2026.10.01. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Aqua» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 2025 жылғы 16 мамырдағы №125 хатына сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2025.25.12. № 120/03 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қарағанды облысының Осакаров ауданында орналасқан Қ.И.Сәтпаев атындағы каналынан Астана қаласына су құбырын тарту үшін жер учаскесін орналастыру және пайдалану схемасына және осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес шекара шегінде пайдалану үшін Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Aqua» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны үшін 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге, болжамды ауданы 1153,01 гектар болатын жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Aqua» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтесін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.
3. «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: