«Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 434 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 4 мамырдағы № 148 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 434 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5759 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | А. Сапаров |
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 4 мамырдағы
№ 148 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2009 жылғы 30 шілдедегі
№ 434 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік
тізілімі