«Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекеменің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 20 бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 13 маусымдағы № 274-НҚ бұйрығымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекеттік активтермен және сатып алулармен жұмыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушы | К. Ойшыбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму