Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 28 шілдедегі № 107 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) туралы ереженің 25-тармағының екінші бөлігі 14) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес Ұлттық Банктің Директорлар кеңесі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық Банктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары бекітілсін.
2. Қызметкерлермен жұмыс жүргізу басқармасы (Қонаев А.Т.):
1) осы қаулыны Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
2) осы қаулыны Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелеріне және филиалдарына жіберсін.
3. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлттық Банк Төрағасы Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.
| Ұлттық Банк Төрағасы | Д. Ақышев |
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің
2017 жылғы 28 шілдедегі
№ 107 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стандарттары
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық Банкте сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілейді.
2. Ұлттық Банк қызметшілерінің іс-қимыл қағидалары.
2.1. Ұлттық Банктің қызметшісі:
2.1.1. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерін іске асырған кезде: