«Үлгілік конкурстық құжаттамаларға (аукциондық құжаттамаларға) сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 231 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 513 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 593 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Үлгілік конкурстық құжаттамаларға (аукциондық құжаттамаларға) сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 231 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 15127 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үлгілік конкурстық құжаттамаларға (аукциондық құжаттамаларға) сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.