«Цифрлық үкімет» платформасының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 7 тамыздағы № 462/НҚ бұйрығы
«Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Цифрлық үкімет» платформасының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі | Ж. Мәдиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Жасанды
интеллект және цифрлық
даму министрінің
2026 жылғы 7 тамыздағы
№ 462/НҚ бұйрығымен бекітілген
«Цифрлық үкімет» платформасының киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету
регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер