Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығы
Осы редакция 2019 жылғы 28 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды облыстық, республикалық маңызы бар және астана бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды аудандық және облыстық маңызы бар қалалар бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 743 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16127 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;