Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2026 жылғы 29 маусымдағы № 9-НҚ нормативтік қаулысы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі - Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір нормативтік қаулылардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Жоғары аудиторлық палатаның Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы | А. Смаилов |
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының
2026 жылғы 29 маусымдағы
№ 9-НҚ нормативтік қаулысымен
бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір нормативтік қаулылардың
тізбесі
1. «Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 7-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12459 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына: