Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕ КҮЗЕТ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КҮЗЕТШІ ЛАУАЗЫМЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ...

Информация о документе
Датачетверг, 25 февраля 2021
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 25 февраля 2021

Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің нысанды киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығы

(2021.25.02. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 17 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2021.25.02. № 101 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ішкі істер министрінің 2021.25.02. № 101 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің нысанды киім үлгілері осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің нысанды киімді киіп жүру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

полиция генерал-лейтенанты

 

Қ. Қасымов

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2020.16.03. № 217 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.25.02. № 101 бұйрығымен (бұр.ред.қара) киім үлгілері жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом