ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.18.04. № 142 бұйрығымен 4-қосымша жаңа редакцияда (2024 ж. 25 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Экология, геология
және табиғи ресурстар министрінің м.а.
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 117 бұйрығығына 4-қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 14 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру» мемлекеттік қызмет көрсету
қағидалары
(2024.25.06. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) және/немесе minerals.gov.kz жерқойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы арқылы (бұдан әрі - платформа) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беру туралы өтініш береді.