Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығы
(2025.09.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 5 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2021.25.05. № 487 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы министрінің 2024.25.12. № 875 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 643-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2010.25.02. № 88 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2021.25.05. № 487 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Мыналардың:
1) «Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 248 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1876 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланды, 2002 ж., № 30, 650-құжат);
2) «2002 жылғы 30 мамырдағы № 248 бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 17 қазандағы № 503 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2025 болып тіркелді) күші жойылған деп танылсын.
ҚР Қаржы министрінің 2024.25.12. № 875 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)