Креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 448 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 977 Қаулысымен күші жойылды
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 6 маусымдағы
№ 448 қаулысымен
бекітілген
Креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің
тізбесі
| Р/с № | ЭҚЖЖ коды | Атауы |
| | |
| 1 | 2 | 3 |
| Басқалары |
| 1. | 82.30.0 | Конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру |
| Зергерлік іс |
| 2. | 32.12.0 | Зергерлік және соған ұқсас бұйымдар өндірісі |
| 3. | 32.13.0 | Бижутерия мен соған ұқсас бұйымдар өндірісі |
| Кино және анимация |
| 4. | 59.11.0 | Кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар шығару қызметі |
| 5. | 59.12.0 | Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды жасауды аяқтау қызметі |
| Кітапханалар, музейлер |
| 6. | 91.02.0 | Музейлер қызметі |
| 7. | 91.01.2 | Оқу залдарының, дәрісханалардың, демонстрациялық залдардың қызметін қоса алғанда, кітапхана қызметі |
| Мәдениет-бос уақыт өткізу мекемелері |
| 8. | 90.01.2 | Концерттік қызмет |
| 9. | 90.04.0 | Концерт және театр залдарының қызметі |
| 10. | 90.03.0 | Көркем және әдеби шығармашылық |
| 11. | 93.29.3 | Қуыршақ театрларының қызметі |
| 12. | 90.02.0 | Мәдени-ойын-сауық іс-шараларын өткізуге ықпал ететін қызмет |
| 13. | 90.01.1 | Театр қызметі |
| 14. | 90.01.3 | Цирк қызметі |
| Мәдени мұра |