1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының
Үкiметi арасындағы «Байқоңыр» кешенiн жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы
хаттама
(Челябинск қ., 2017 жылғы 9 қарашада)
ҚР 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 282-VІ Заңымен ратификацияланды
2020 жылғы 22 қаңтарда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
«Байқоңыр» кешенін пайдалану тиімділігін арттыруда өзара мүдделілікті растай отырып,
Тараптар мемлекеттерінің мүдделерін өзара құрметтеу қағидатын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы «Байқоңыр» кешенiн жалға беру шартына № 2 қосымша осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді және 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы «Байқоңыр» кешенiн жалға беру шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.
2017 жылғы 9 қарашада Челябинск қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.
| Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін | Ресей Федерациясының Үкіметі үшін |
1994 жылғы 10 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Ресей
Федерациясының Үкіметі
арасындағы «Байқоңыр»
кешенін жалға беру шартына
өзгеріс енгізу туралы хаттамаға
ҚОСЫМША
1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы «Байқоңыр» кешенiн жалға беру шартына № 2 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
«1994 жылғы 10 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Ресей Федерациясы
Үкіметінің арасындағы
«Байқоңыр» кешенін жалға беру
шартына
№ 2 ҚОСЫМША