Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 5 өкімі
Осы редакция 2023 жылғы 20 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰҰ Азаптауларға қарсы кіші комитетінің алдын алу жөніндегі кіші комитетінің ұсынымдарын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің қолдауымен:
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар еңгізілетін тізбесі бекітілсін.
2. Осы өкім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
2019 жылғы 3 сәуірдегі
№ 5 өкімімен бекітілген
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар еңгізілетін
тізбесі
1. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 18 өкіміне «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8891 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашадағы № 325 (27599) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген өкіммен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережесіне:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Үйлестіру кеңесі мүшесінің бейтараптылығына күмән тудыратын жағдай болғанда, ол Үйлестіру кеңесінің мүшелігінен бас тартады. Үйлестіру кеңесінің мүшесі Адам құқықтары жөніндегі уәкілге тиісті хабарлама жіберу арқылы оның құрамынан шыға алады.»
13-тармақ алып тасталсын:
14-тармағында:
мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын: