2025 - 2027 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті туралы
Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 172/29 шешімі
(2025.05.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 16 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2025.05.02. № 186/31 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2025-2027 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 18216294 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 11867940 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 285694 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3232181 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 2830479 мың теңге;
2) шығындар - 14968355 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 160372 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 55048 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 215420 мың тенге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 36000 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 36000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 3372311 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 3372311 мың теңге;
2. 2025 жылға арналған Ақсу қаласының бюджетінде қалалық бюджеттерден ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемі жалпы 300000 мың теңге сомада көзделсін, оның ішінде:
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі - 50000 мың теңге;
Қызылжар ауылдық округі - 50000 мың теңге;