«Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін нысандарын және оларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 307 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін нысандарын және оларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16906 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің және жосықсыз бағалаушылардың тізілімдері нысандарын және оларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 8-тармағына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бағалаушылар палатасы мүшелері тізілімінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес жосықсыз бағалаушылар тізілімінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сарапшылық кеңесі мүшелері тізілімінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңесі мүшелерінің және жосықсыз бағалаушылар тізілімдерін жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген бағалаушылар палатасы мүшелері тізілімінің нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген сарапшылық кеңес мүшелері тізілімінің нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.