Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 652 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 139 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияны құру туралы»;
2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның құрамы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
3) көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия мүшелерінің назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі | Е. Сағадиев |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 10 қарашадағы