2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің қолданылуын қайта бастау және оған өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
(Астана, 2024 жыл 27 қараша)
ҚР 2026 жылғы 15 қазандағы № 7-І Заңымен ратификацияланды
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 10 күн өткен соң уақытша қолданылды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
Қазақстан - Ресей қатынастарын одан әрі нығайтуға жәрдемдесе отырып,
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) өз қолданысын 2024 жылғы 1 қаңтарда тоқтатқанын тани отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар осы Хаттаманың 2-бабына сәйкес Келісімге енгізілетін өзгерістерді ескере отырып, Келісімнің қолданысын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қайта бастайды.
2-бап
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін: