Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және

көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

152-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

«9. Мемлекеттік жер кадастрының картографиялық негізін қалыптастыру үшін мемлекеттік есептеу жүйесі пайдаланылады.».

2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

144-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-4) тармақшамен толықтырылсын:

«5-4) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті лауазымды адамының Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы заңнамасының аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарының бұзылуын анықтау туралы баянаты;».

3. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:

1) 22-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы «өнеркәсіптік қауіпсіздік» деген сөздерден кейін «, киберқауіпсіздік» деген сөзбен толықтырылсын;

2) 23-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:

«25-1) жұмыскерлерді жұмыс берушінің киберқауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі актілерінің талаптарымен таныстыруға және олардың орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асыруға;».

4. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:

1) 4-баптың 1-тармағының 14-2), 34-1) және 37-1) тармақшалары алып тасталсын;

2) 5-баптың 1-тармағының бесінші абзацы алып тасталсын.

5. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:

16-бапта:

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) мемлекеттік қайырымдылық платформасын әзірлеуді, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, деректерін талдау мен өңдеуді, өзге де цифрлық объектілермен интеграциялауды, сондай-ақ мемлекеттік қайырымдылық платформасын дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды;»;

6) тармақша «әлеуметтік-еңбек саласындағы» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ мемлекеттік қайырымдылық платформасын пайдалану мәселелері бойынша» деген сөздермен толықтырылсын.

6-тармақ 2029 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

6. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:

1) 9-баптың 2-тармағының сегізінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген, Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақы;»;

2) 23-баптың 4-тармағы «аударымдары» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақы» деген сөздермен толықтырылсын.

7. «Жедел іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:

бүкіл мәтін бойынша «ақпараттық жүйелерді», «ақпараттық жүйелерде» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйелерді», «цифрлық жүйелерде» деген сөздермен ауыстырылсын.

8. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бапта:

8-3) және 8-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«8-3) пилотсыз көлік жүйесі - пилотсыз көлік құралын және оны қауіпсіз әрі тиімді пайдалану үшін қажетті пилотсыз көлік құралымен байланысты элементтерді (байланыс арналарын және пилотсыз көлік құралын басқаратын құрауыштарды қоса алғанда) қамтитын көлік жүйесі;

8-4) пилотсыз көлік құралдарын пайдалану аймағы - шегінде пилотсыз көлік құралдары пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының аумағындағы белгіленген мөлшердегі жерүсті кеңістігінің бір бөлігі (жеңіл рельсті көлік эстакадасы);»;

мынадай мазмұндағы 8-5), 8-6), 8-7) және 8-8) тармақшалармен толықтырылсын:

«8-5) пилотсыз көлік құралы - автоматтандырылған техникалық басқару құралдарымен жарақтандырылған, жеке адамның қатысуынсыз пайдаланылатын көлік құралы (пилотсыз авиациялық жүйені қоспағанда);

8-6) пилотсыз көлік құралының қашықтағы операторы - пилотсыз көлік құралы қозғалысының кез келген кезеңінде оны басқаруды қабылдауға құқылы жеке адам;

8-7) тасымалдарды қадағалаудың цифрлық жүйесі - навигациялық спутниктік жүйелердің технологиялары мен навигациялық пломба негізінде жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенді қамтитын цифрлық жүйе;

8-8) тасымалдарды қадағалаудың цифрлық жүйесінің ұлттық операторы - навигациялық пломбаларды пайдаланып, тасымалдарды қадағалауды қамтамасыз ететін заңды тұлға;»;

2) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:

«16-1-бап. Пилотсыз көлік құралдары

Пилотсыз көлік құралдары пилотсыз көлік құралдарын пайдалану аймақтарында пайдаланылады.

Пилотсыз көлік құралдарын пайдалану үшін пилотсыз көлік жүйесі енгізіледі.

Пилотсыз көлік құралдары түрлеріне қарай уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген талаптарға сәйкес келген жағдайда оларды пилотсыз көлік құралының қашықтағы операторы басқарады.

Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезінде пилотсыз көлік құралдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі және цифрландыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.»;

3) 23-баптың тоғызыншы бөлігі «Метрополитеннің» деген сөзден кейін «, жеңіл рельсті көліктің» деген сөздермен толықтырылсын.

9-тармақ 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

9. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

бүкіл мәтін бойынша «электрондық үкімет», «ақпараттандыру объектілері», «электрондық үкіметтің» деген сөздер тиісінше «цифрлық үкімет», «цифрландыру объектілері», «цифрлық үкіметтің» деген сөздермен ауыстырылсын.

10. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы»;

2) бүкіл мәтін бойынша «шетелдіктер», «шетелдіктердің», «шетелдіктерді», «шетелдіктерден», «Шетелдіктердің», «Шетелдіктің», «шетелдікке», «Шетелдік», «шетелдікті» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтары», «шетел азаматтарының», «шетел азаматтарын», «шетел азаматтарынан», «Шетел азаматтарының», «Шетел азаматының», «шетел азаматына», «Шетел азаматы», «шетел азаматын» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:

«4-1-бап. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды сәйкестендіру және (немесе) аутентификациялау

Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сәйкес міндетті түрде сәйкестендірілуге және (немесе) аутентификациялануға тиіс.».

11. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-1-баптың 3) тармақшасындағы «киберқауіпсіздік саласындағы» деген сөздер алып тасталсын;

2) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:

«4-2) аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;

3) 12-бап мынадай мазмұндағы 8-2), 8-3) және 22-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«8-2) аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;

8-3) Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы заңнамасының аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарының бұзылуы анықталған кезде нұсқама беруге, оны орындау үшін жіберуге;»;

«22-2) Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қатысушылардың өзара іс-қимылын үйлестіруге;»;

11-тармағының 4) тармақшасы 2029 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

4) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ұлттық қауіпсіздік органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету:

1) бюджет қаражаты есебінен;

2) медициналық көмек көрсеткені үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан алынған қаражат есебінен;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақыдан жүзеге асырылады.».

12. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1-баптың 25) тармақшасы алып тасталсын.

13. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-баптың 9) тармақшасындағы «электрондық дерекқоры» деген сөздер «цифрлық дерекқоры» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 19-баптың 4-тармағындағы «электрондық есепке алуды» деген сөздер «цифрлық есепке алуды» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 24-баптың 2-тармағы үшінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерден» деген сөздер «цифрлық жүйелерден» деген сөздермен ауыстырылсын.

14. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

бүкіл мәтін бойынша «электрондық тізілімі», «ақпараттық жүйеде», «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйенің», «электрондық тізілімін», «ақпараттық жүйеге», «ақпараттық жүйені» деген сөздер тиісінше «цифрлық тізілімі», «цифрлық жүйеде», «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйенің», «цифрлық тізілімін», «цифрлық жүйеге», «цифрлық жүйені» деген сөздермен ауыстырылсын.

15. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

27-баптың 1-тармағында:

10) тармақшадағы «күтіп ұстауды» деген сөздер ««күтіп-ұстауды, соның ішінде автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жол активтерінің цифрлық платформасын толықтыруды» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 53) тармақшамен толықтырылсын:

«53) мемлекеттің цифрлық архитектурасына және цифрландыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін «смарт-қалалар» мен «смарт-өңірлер» құру жөніндегі әдістемеге сәйкес смарт-қалалар мен смарт-өңірлерді дамытуды қамтамасыз етеді.».

16. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) бүкіл мәтін бойынша «шетелдіктер», «Шетелдіктер» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтары», «Шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 1-тарау мынадай мазмұндағы 7-2-баппен толықтырылсын:

«7-2-бап. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақыдан түсетін қаражатты нысаналы пайдалану

1. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдеу кезінде жүзеге асыратын төлемақыны білдіреді.

2. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақыдан түсетін қаражат ішкі және келу туризмін дамытуға арналған бөлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаның операторына жіберіледі.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаражат Қазақстан Республикасының туристік өнімін ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілетуді қоса алғанда, ішкі және келу туризмін дамытуға пайдаланылады.

4. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақыдан түскен қаражаттың түсу, бөліну, мониторингі, есептілігі және пайдаланылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».

17. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-3), 1-4) және 12-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-3) автомобиль жолдарын жөндеуді жоспарлаудың цифрлық жүйесі - автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның автомобиль жолдарын күтіп-ұстау мен жөндеуді қаржыландыру үшін көліктік-пайдаланудың жай-күйі туралы ақпаратты қамтитын цифрлық жүйесі;

1-4) автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттама - ақаулар мен жұмыс көлемінің ведомосы негізінде әзірленген, техникалық тапсырманы, сызбалар мен сметалық құжаттаманы қамтитын, қабылданған техникалық шешімдер сипатталған, автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған құжаттар жиынтығы;»;

«12-1) ведомстволық сараптама - автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бастапқы деректер мен таңдалған шешімдердің негізділігін анықтау үшін тапсырыс берушінің өтініші бойынша жүргізілетін, автомобиль жолдарын орташа жөндеу объектілері бойынша техникалық құжаттаманы кешенді бағалау;»;

13-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13-2) жол активтерін басқару - бюджет шығыстарын тиімді жоспарлауға бағытталған, автомобиль жолдарын жөндеуді жоспарлаудың цифрлық жүйесін пайдалана отырып, жол активтерін диагностикалау және аспаптық зерттеп-қарау, автомобиль жолдарын паспорттау, сондай-ақ жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін мониторингтеу жөніндегі қызмет;»;

13-3) тармақшада:

«халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру жөніндегі функциялар,» деген сөздер алып тасталсын;

«қолдау» деген сөзден кейін «, өз қызметі шеңберінде цифрлық объектілерді құру және олардың жұмыс істеуі» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 13-4) тармақшамен толықтырылсын:

«13-4) жол активтерінің цифрлық платформасы - жол активтері объектілерін күтіп-ұстау және олардың қолжетімділігі ескеріле отырып, осы объектілер туралы, жүргізілген, жүргізіліп жатқан және жоспарланып отырған құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстарының жай-күйі мен сапасы туралы цифрлық деректерді қамтитын жалпыға қолжетімді цифрлық объект;»;

15-1) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:

«23) орташа жөндеу жүргізудің цифрлық жүйесі - автомобиль жолдарын орташа жөндеудің салынып жатқан объектілерінің атқарушылық құжаттамасын жүргізуге және оларды бақылауға байланысты операцияларды цифрландыруға арналған цифрлық жүйе.»;

2) 5-бапта:

2-тармақтағы «көлік» деген сөз «автомобиль көлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Ұлттық оператор автомобиль жолының ақылы учаскесінде (аймағында) жөндеуді талап ететін автомобиль жолы жабынының ақауын анықтаған кезде, ол бойынша жүріп өткені үшін төлемақы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүріп өткені үшін төлемақы алу қағидаларына сәйкес ақауды жою кезеңіне барабар төмендетілуге тиіс.»;

5-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен және 4) тармақшасындағы «көрсетуге байланысты шығыстарды қаржыландыруға бағытталады.» деген сөздер «көрсетуге;» деген сөзбен ауыстырылып, 5) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салуға, жөндеуге және реконструкциялауға алынған қарыздарды қайтаруға;»;

«5) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салуға, реконструкциялауға, жөндеуге, сондай-ақ күтіп-ұстауға байланысты шығыстарды қаржыландыруға бағытталады.»;

3) 12-баптың 2-тармағында:

14-1) тармақшадағы «жалпыға ортақ пайдаланылатын» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 27-1) және 27-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«27-1) жол бойындағы сервис объектілерін дамыту жоспарын бекіту;

27-2) бюджет қаражаты тартылмай бой көтеретін жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша конкурстар өткізу қағидаларын бекіту;»;

42) тармақшадағы «жол дерекқорын» деген сөздер «автомобиль жолдарын жөндеуді жоспарлаудың цифрлық жүйесін» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 45), 46), 47), 48) және 49) тармақшалармен толықтырылсын:

«45) диагностикалау және аспаптық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялау мен жөндеуді қаржыландыру үшін жобаларды жоспарлау және іріктеу қағидаларын бекіту;

46) автомобиль жолдарын паспорттау қағидаларын бекіту;

47) жол активтерінің цифрлық платформасының жұмыс істеуі, оны толықтыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

48) орташа жөндеу жүргізудің цифрлық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;

49) автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу кезінде объектіні пайдалануға қабылдау қағидаларын бекіту жатады.»;

4) 13-бапта:

1-1-тармақтың бірінші бөлігінде:

5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5-1) автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұйымдастырған сараптамада қамтылмаған облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерінің жұмыстары мен материалдарының сапасына Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының сараптама жүргізуін ұйымдастыру;»;

мынадай мазмұндағы 6-14), 6-15) және 6-16) тармақшалармен толықтырылсын:

«6-14) жол активтерінің цифрлық платформасының жұмыс істеуі, оны толықтыру және пайдалану қағидаларына сәйкес жол активтерінің цифрлық платформасын толықтыруды қамтамасыз ету;

6-15) автомобиль жолдарын диагностикалау және паспорттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

6-16) орташа жөндеу жүргізудің цифрлық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес орташа жөндеу жүргізудің цифрлық жүйесін толықтыруды қамтамасыз ету;»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-3), 2-4) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«2-3) жол активтерінің цифрлық платформасының жұмыс істеуі, оны толықтыру және пайдалану қағидаларына сәйкес жол активтерінің цифрлық платформасын толықтыруды қамтамасыз ету;

2-4) орташа жөндеу жүргізудің цифрлық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес орташа жөндеу жүргізудің цифрлық жүйесін толықтыруды қамтамасыз ету;»;

«4-1) автомобиль жолдарын диагностикалау және паспорттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;»;

5) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Автомобиль жолдарын жөндеуді жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол активтерін диагностикалау және аспаптық зерттеп-қарау нәтижелері негізінде жүргізіледі.»;

6) 15-бапта:

2-тармақтың екінші бөлігінде:

«және ағымдағы» деген сөздер алып тасталсын;

«Автомобиль жолдарын ағымдағы және орташа жөндеу жөніндегі жұмыстардан басқа, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардан басқа, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы және автомобиль жолдары саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу бойынша аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдау автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;

7) 19-2-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Автомобиль жолдарын салғанда және реконструкциялағанда қолданылуы бойынша Қазақстан Республикасында белгіленген ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттар жасалмаған жаңа технологиялар мен материалдарды пайдалануға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген жол қызметі саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының сараптамалық қорытындысы негізінде рұқсат беріледі.»;

8) 30-бапта:

2) тармақша «инвестициялар» деген сөзден кейін «, сондай-ақ «толық бітіріп берілетін» құрылыс шартымен жасалатын жобалар» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 9-4) және 9-5) тармақшалармен толықтырылсын:

«9-4) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру;

9-5) жол активтерінің цифрлық платформасының жұмыс істеуі, оны толықтыру және пайдалану қағидаларына сәйкес халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жол активтерінің цифрлық платформасын толықтыруды қамтамасыз ету;».

18. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бап мынадай мазмұндағы 44-1) тармақшамен толықтырылсын:

«44-1) пилотсыз теміржол көлігі құралы - автоматтандырылған техникалық басқару құралдарымен жарақтандырылған, жеке адамның қатысуынсыз пайдаланылатын теміржол көлігі құралы;»;

2) 40-баптың 1-тармағы 33-2) тармақшасындағы «жуу шарттары мен тәртібін;» деген сөздер «жуу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 33-3) тармақшамен толықтырылсын:

«3-3) пилотсыз теміржол көлігі құралдарымен тасымалдау шарттары мен тәртібін;»;

3) 66-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

«8-1) жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау кезінде пилотсыз теміржол көлігі құралдарын пайдалану тәртібі;».

19. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

7-баптың 4-тармағының екінші бөлігі «ақпараттық қауіпсіздігін» деген сөздерден кейін «, оның ішінде киберқауіпсіздігін» деген сөздермен толықтырылсын.

20. «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

бүкіл мәтін бойынша «электрондық ақпараттық ресурстар», «Электрондық ақпараттық ресурстар», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйелерінде» деген сөздер тиісінше «цифрлық ресурстар», «Цифрлық ресурстар», «цифрлық жүйесі» «цифрлық жүйелерінде» деген сөздермен ауыстырылсын.

21. «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

бүкіл мәтін бойынша «электрондық ақпараттық ресурстар», «Электрондық ақпараттық ресурстар», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйелерінде» деген сөздер тиісінше «цифрлық ресурстар», «Цифрлық ресурстар», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйелерінде» деген сөздермен ауыстырылсын.

22. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

16-баптың 1-тармағының 2-жолы мынадай мазмұндағы сегізінші бағанмен толықтырылсын:

«

2.

3) озық әуе мобильділігіне жіберілген әуе кемелері

135

».

23. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бапта:

23-3), 23-4), 23-5) және 23-6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«23-3) пилотсыз автокөлік құралы - автоматтандырылған техникалық басқару құралдарымен жарақтандырылған, жүргізушісіз пайдаланылатын автокөлік құралы;

23-4) рұқсат етілген ең жоғары масса - жасаушы кәсіпорын ең жоғары рұқсат етілетін ретінде белгілеген, жарақталған автокөлік құралының жүкпен, жүргізушімен және жолаушылармен бірге массасы. Автокөлік құралдары құрамының, яғни тіркелген және біртұтас ретінде қозғалатын құрамының рұқсат етілген ең жоғары массасы деп құрамына кіретін автокөлік құралдарының рұқсат етілген ең жоғары массаларының қосындысы қабылданады;

23-5) сервис орталығы (шеберхана) - тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

23-6) сертификаттау орталығы - 1970 жылғы Халықаралық автомобиль тасымалын жүргізетін автокөлік құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Еуропалық келісім (ЕСТР) ережелеріне сәйкес электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды цифрлық сертификаттауды жүзеге асыратын заңды тұлға;»;

мынадай мазмұндағы 23-7) тармақшамен толықтырылсын:

«23-7) спутниктік навигация аппаратурасы - автокөлік құралына жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары арқылы оның ағымдағы орналасқан жерін, жүру бағыты мен жылдамдығын айқындау, қосымша борт жабдығымен деректер алмасу үшін, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері арқылы ақпарат алмасу үшін орнатылатын аппараттық-бағдарламалық құрылғы;»;

2) 19-12-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

«7. Автомобиль жолдарында пилотсыз автокөлік құралдарын пайдалану және пилотсыз автокөлік құралдарының жол жүрісін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;

3) 19-18-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Автокөлік құралының автоматтандырылған өлшеу станциясы арқылы жүріп өтуі автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларына сәйкес автоматтандырылған өлшеу станциясы арқылы жүріп өту тәртібі сақтала отырып жүзеге асырылуға тиіс.»;

Добавить в список основных источников в Google

Документ не введен в действие
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!