Жолаушылардың және багаждың қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобиль тасымалдарының маршрут желісі туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 1609 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының 180-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген жолаушылардың және багаждың қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобиль тасымалдарының маршрут желісі бекітілсін.
2. Келесі қаулылар күшін жойды деп танылсын:
1) әкімдіктің 2004 жылғы 28 қазандағы № 2262 «Қалалық жолаушылар көлігінің бағдарлық жүйелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2043 тіркелген, 2004 жылдың 11 желтоқсандағы № 126 «Дидар», 2004 жылдың 9 желтоқсандағы № 188 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысы;
2) әкімдіктің 2005 жылғы 8 маусымдағы № 3 «Өскемен қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 2262 «Қалалық жолаушылар көлігінің бағдарлық жүйелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (тіркеу № 2043) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2386 тіркелген, 2005 жылғы 2 шілдедегі № 64-65 «Дидар», 2005 жылғы 30 маусымдағы № 98 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысы;