Қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 344 бұйрығы
(2025.03.02. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі | М. Карабаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 12 мамырдағы
№ 344 бұйрығымен бекітілген
Қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және рельсті көлікте қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды».
2. Қағидалар тасымалдау процесіне қатысушыларға, меншік нысанына қарамастан, қалалық рельстік көлік саласындағы қызметті жүзеге асыратын қалалық рельстік көліктің қосалқы қызметтеріне қолданылады.