Введите номер документа
Прайс-лист

«Шетелге іссапарға шығу кезінде оларға Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына сұрау салу жіберілмейтін санаттағы адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1052 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 22 октября 1993
Статус
Утратил силу
утратил силу с 10 августа 2005

«Шетелге iссапарға шығу кезiнде оларға Қазақстан Республикасының
ұлттық қауiпсiздiк органдарына сұрау салу жiберiлмейтiн санаттағы
адамдардың тiзбесiн бекіту туралы»
 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1052 қаулысы

 

 ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қызмет бабымен шетелге шығудың тәртібі және шетелдiк iссапарға валюта қаржысының жұмсалуын бақылауды күшейту жөніндегі шаралар туралы" 1993 жылғы 20 шiлдедегi № 630 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

Шетелге iссапарға шығу кезiнде ұлттық қауiпсiздiк органдарына сұрау салу жiберiлмейтiн санаттағы адамдардың тiзбесi (қоса берiлiп отыр) бекітілсiн.

"Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1989 жылғы 29 қыркүйектегi № 301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 2 шiлдедегi № 268 қаулысының күшi жойылған деп саналсын.

 

 Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

С.Терешенко

 

Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетінің

1993 жылғы 22 қазандағы

№ 1052 қаулысымен

Бекiтiлген

 

Шетелге iссапарға шығу кезiнде оларға

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк

органдарына сұрау салу жiберiлмейтiн

санаттағы адамдардың

Тiзбесi

 

Қазақстан Республикасының Президентi мен Вице-Президентi

Жоғарғы Кеңестiң Төрағасы, Жоғарғы Кеңес Төрағасының орынбасарлары, Жоғарғы Кеңес комитеттерiнiң төрағалары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Аппаратының Басшысы мен жауапты қызметкерлерi

Қазақстан Республикасының Премьер-министрi, Премьер-министрдiң орынбасарлары, мемлекеттік кеңесшiлерi, Президент пен Министрлер Кабинетi Аппаратының Басшысы мен жауапты қызметкерлерi

Қазақстан Республикасының министрлерi, министрлердiң орынбасарлары және соларға теңестiрiлген лауазымды адамдар

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Бас прокурордың орынбасарлары, Жоғарғы Соттың Төрағасы, Жоғарғы Сот Төрағасының орынбасарлары, Конституциялық Соттың Төрағасы, Конституциялық Соттың мүшелерi, Жоғары төрелiк соттың Төрағасы, Жоғары төрелiк сот Төрағасының орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының төрағасы, Ұлттық банк Басқармасы төрағасының орынбасарлары

Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi және олардың орынбасарлары, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының өкiлдi органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары.

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом