«Дефолт фактiлерiн болдырмау туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
1997 жылғы 23 сәуiр № 113-ө өкімі
Шетел несиешiлерiнiң алдындағы Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау және дефолт фактiлерiн болдырмау мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шетел банктерiнiң ұсынған шоттары негiзiнде дәрменсiз займшылар үшiн қосымшаға сәйкес жалпы сомасы 1 207 475, 23 (бiр миллион екi жүз жетi мың төрт жүз жетпiс бес доллар жиырма үш цент) АҚШ долларын, сондай-ақ есептелген айыппұлдар сомасын 1997 жылға арналған республикалық бюджетте "Несиелендiру минус өтеу" бөлiміндегі көзделген қаражат шегiнде төлесiн.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкi мен «ТұранӘлемБанк» жабық акционерлік қоғамы алынған қаражатты республикалық бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету жөнiнде барлық қажеттi шараларды қолдансын.
3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
1997 жылғы 23 сәуірдегі
№ 113-ө өкіміне
қосымша
Шетел несиелерiн өтеу жөніндегі алдағы төленетiн
төлемдердiң сомасы
АҚШ долларында*
---------------------------------------------------------------------
Займшы-ұйым | Төлем сомасы | Оның iшiнде
| |--------------------------------
| | негiзгi |проценттер
| | борыш |
---------------------------------------------------------------------
"Алемсистем" ФИК | 385 159,91 | 379 500,00 | 5 659,91
| | |
Герман несие желiсi | | |
| | |
| | |
"Сельхозмаш" АҚ | 822 315,32 | 701 335,03 | 120 980,29
---------------------------------------------------------------------
Барлығы |1 207 475, 23 | 1 080 835,03 | 126 640,20
---------------------------------------------------------------------
* Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1997 жылғы 1 сәуірдегі бағамы бойынша 1 АҚШ доллары - 1, 60 немiс маркасы