«Монғолия Президентінің 1998 жылғы наурыздағы Қазақстан Республикасына
ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келісімдер мен
уағдаластықтарды iске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 17 маусымдағы
№ 550а Қаулысы
Монғолия Президентінің 1998 жылғы наурыздағы Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келісімдер мен уағдаластықтарды iске асыру және қазақстан-монғол ынтымақтастығын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Монғолияның Президентi Н.Багабандидың 1998 жылғы наурыздағы Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келісімдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөніндегі шаралардың жоспары бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Шаралардың жоспарында көзделген тапсырмаларды орындау жөнiнде нақты iс-шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі кемiнде жарты жылда бiр рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалу барысы туралы хабарласын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 17 маусымдағы
№ 550а қаулысымен
бекітілген
Монғолияның Президентi Н. Багабандидiң 1998 жылғы наурыздағы
Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында қол
жеткiзiлген келісімдер мен уағдаластықтарды iске асыру
жөніндегі шаралардың
Жоспары
___________________________________________________________________
Шаралар | Тапсырманың мазмұны
___________________________________________________________________
1 | 2

Қол қойылған құжаттардың iске асырылуына бақылау жасау:
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Үкiмтетi мен |Атқарылуы туралы ақпарат
Монғолия Үкіметінiң арасындағы Қос салық|
салуды болдырмау, табыстар мен капиталға|
салынатын салықты төлеуден жалтаруға жол|
бермеу туралы келісім |
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен |
Монғолия Үкіметінiң арасындағы Кеден |
iстеріндегі ынтымақтастық пен өзара |
көмек туралы келісім |
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен |
Монғолия Үкіметінiң арасындағы Мал |
дәрiгерлiгi саласындағы ынтымақтастық |
туралы келісім |
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен |
Монғолия Үкіметінiң арасындағы |
Өсiмдiктер карантинi саласындағы |
ынтымақтастық туралы келісім |
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен |
Монғолия Үкіметінiң арасындағы |
Айналадағы ортаны қорғау саласындағы |
ынтымақтастық туралы келісім |
___________________________________________________________________
Қол жеткiзiлген уағдаластықты iске асыру
___________________________________________________________________
Монғолиядан Қазақстанға тұрақты тұруға |Нақты ұсыныстар әзiрлеу
көшiп келуге тiлек бiлдiрген ұлты қазақ |
адамдардың азаматтығы мәселелерi |
___________________________________________________________________
"Балқашмыс" АҚ "Эрдэнэт" БК берешектерiн|Схемасы мен кестесiн
өтеу |әзiрлеу
___________________________________________________________________
Сауда-экономикалық ынтымақтастық |Күн тәртібін жасау,
жөніндегі үкiметаралық екiжақты |комиссияның қазақстандық
комиссиясының кезектi мәжілісiн өтiзу |бөлiгiнiң құрамын және
|Улаанбаатарда мәжілістi
|өткiзудiң мерзiмiн белгiлеу
___________________________________________________________________
Қазақстанның оқу орындарында оқу үшiн |Квоталарды мамандықтардың
Монғолияның азаматтарына квотаны ұлғайту|тұрғысынан келiсу
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Президентi |1999 жылдың жоспарына
Н.Ә.Назарбаевтың Монғолияға сапары |енгiзе отырып мерзiмдерi
|мен бағдарламасын пысықтау
___________________________________________________________________
жалғасы:
___________________________________________________________________
Атқару мерзiмi |Атқаруға жауаптылар
___________________________________________________________________
3 | 4

Жарты жылда 1 рет |Сыртқыiсминi (жиынтық), Қаржыминi
___________________________________________________________________
|Қаржминiнiң Кеден комитетi
___________________________________________________________________
|Ауылшарминi
___________________________________________________________________
|Бұл да
___________________________________________________________________
|Экология және табиғи ресурсминi
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
1998 жылдың 1 шiлдесiне |Сыртқыiсминi, Iшкiiсминi, Көшi-қон
дейiн |және демография жөніндегі агенттiк
___________________________________________________________________
1998 жылдың 1 шiлдесiне |Қаржыминi, Энергетика, индустрия
дейiн |және саудаминi
___________________________________________________________________
1998 жылдың 1 шiлдесiне |Энергетика, индустрия және
дейiн |саудаминi, Әдiлетминi, Сыртқыiсминi
___________________________________________________________________
1998 жылдың 1 маусымына |Бiлiм, мәдениет және денсаулық
дейiн |сақтауминi
___________________________________________________________________
1998 жылдың IV тоқсаны |Сыртқыiсминi