«Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған
салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға (мүлікке)салық
төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияларды
(Келісімдерді) қолданудың тәртібі туралы нұсқаулық»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 643 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы
2 желтоқсандағы № 1478 бірлескен бұйрығы
(2007.03.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы № 5 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс капиталға (мүлiкке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияларды (Келісімдерді) ережелерінің қолдану тәртібін түсіндіру мақсатында, Бұйырамыз:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға (мүлiкке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияларды (Келісімдерді) қолданудың тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі |
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен
жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс
капиталға (мүлiкке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу
туралы Конвенцияларды (Келісімдерді) қолданудың тәртібі туралы
нұсқаулық
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2007.03.05. № 278-а Бұйрығымен кіріспе өзгертілді (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 2-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартпен осы Кодекстегіден өзге ережелер белгіленсе, аталған шарттың ережелері қолданылады.