Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік холдинг компаниялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1138 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 5 марта 1993
Статус
Утратил силу
утратил силу с 23 июня 2009

Мемлекеттік холдинг компаниялары туралы»
Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1138 Қаулысы

 

ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының экономикасында жаңа нарықтық құрылымдардың қалыптасуын жеделдету, жекешелендiру барысында ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету, экономиканы мемлекеттік реттеудi одан әрi жетiлдiру мақсатында қаулы етемiн:

1. Мемлекеттік холдинг компаниялары туралы Ереже бекітілсiн.

Мемлекеттік холдинг компаниялары өтпелi кезеңде экономиканы мемлекеттік ұтымды реттеуiн жүзеге асыру үшiн жұмыс iстейтiн құрамдар ретiнде жасақталатын болып белгiленсiн.

2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi холдинг компанияларының өтпелi кезеңге қажет санын анықтасын және оларды құру жөнiнде ұйымдастыру шараларын қолдансын.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi:

- акцияларының мемлекеттік пакеттерi холдинг компанияларының қорына кiргiзiлетiн кәсiпорындардың тiзбесiн бекiтсiн, әрi осы қорлардың құралуын қамтамасыз етсiн;

- холдинг компанияларының қызметiн реттейтiн нормативтi құжаттардың пакетiн әзiрлеп, бекiтетiн болсын.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

 

МЕМЛЕКЕТТIК ХОЛДИНГ КОМПАНИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1.1. Осы Ереже құрылған кезiнде қаржысының мемлекеттік үлесi 25 проценттен астам болған мемлекеттік холдинг компанияларына немесе мемлекет қатысатын холдинг компанияларына /бұдан әрi - холдинг/ қолданылады.

Мемлекеттік холдинг компаниялары деп акцияларының мемлекеттік пакетi 51 және одан да астам процент болатын холдинг компанияларын атайды.

1.2. Холдинг-қаржы ресурстарын орталықтандырудың жоғары деңгейiн және оларды пайдаланудың мейлiнше табысты болуына жету, холдинг кәсiпорындарын басқару тиiмдiлiгiн арттыру және олардың қызметiн мемлекеттік реттеудi жүзеге асыру мақсатында акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерiн сатып алу жолымен құрылған акционерлік қоғам болып табылады.

Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тысқары жерлерде әрекет жасайтын кез-келген заңды ұйым мен жеке адамдар, ерiктi негiзде немесе мемлекеттік басқару органдарының шешiмiмен бiрiккен ұлтаралық компаниялар холдингтiң акционерлерi бола алады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом