Введите номер документа
Прайс-лист

«Адамдардың бала асырап алуына, оны қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа алуына болмайтын аурулардың тізбесін бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы № 842 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 24 июня 1999
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 августа 2012

Адамдардың бала асырап алуына, оны қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа алуына болмайтын аурулардың тізбесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы № 842 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 404 Қаулысымен күші жойылды

 

«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңының 80-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған адамдардың бала асырап алуына, оны қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа алуына болмайтын аурулардың тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

                                     Қазақстан Республикасы

                                     Үкіметінің

                                     1999 жылғы 24 маусымдағы

                                     № 842 қаулысымен

                                     бекітілген

 

Адамдардың бала асырап алуына, оны қамқоршылыққа

(қорғаншылыққа), патронатқа алуына болмайтын аурулардың

тізбесі

 

1. Адамның иммундық тапшылығын жұқтырудан алған синдромы (СПИД) және адамның иммуна тапшылығы вирусымен ауруы (ВИЧ).

2. Психикалық аурулар.

3. Маскүнемдік, нашақорлық, уытқұмарлық.

4. Туберкулез (бактерия бөлетін созылмалылығы, бактерия бөлуі алғаш рет анықталған) абацилирлеуге дейін).

5. Негізінен жыныстық жолмен берілетін аурулар (емделмеген мерез, емделмеген соз, емделмеген урогениталды хламидиоз).

6. Алапес.

7. Біріктіруші ткандердің бүлінуінің ауыр сырқаттары (жүйелі қызыл жегі, жүйелі склеродермия, дерматомиозит).

8. Ороговения бұзылатын ауыр дерматоздар (ихтиоздардың ауыр түрлері, ихтиозоформды эритродермия, артропатикалық псориаз).

9. Ауыр созылмалы буллезді дерматоздар (акантолитикалық көпіршік, пемфигоид, терінің ихтиозоформды зақымдануы, буллезды эпидермолиз).

10. І, ІІ топтарға мүгедектік (қамқоршылық және қорғаншылық комиссияларының шешімі бойынша, дербес).

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом