Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 59 өкімі (2009.14.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 20 июля 1999
Статус
Утратил силу
утратил силу с 13 сентября 2011

Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 59 өкімі

(2009.14.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 150 Жарлығымен күші жойылды

 

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы ереже;

2) Дипломаттық паспорт берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды тұлғаларының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы ережені бекіту туралы» 1993 жылғы 27 қазандағы № 1066 қаулысының күшін жоюды қамтамасыз етсін.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

1999 жылғы 20 шілдедегі

№ 59 өкімімен бекітілген

 

Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы

Ереже

1. Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты (бұдан әрі дипломаттық паспорт) Қазақстан азаматы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді атқару үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шыққан, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрған кездерде және Қазақстан Республикасына келген кезде оның жеке басын куәландыратын құжат болып табылады.

2. Дипломаттық паспорт Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.

3. Дипломаттық паспорт тиісінше ресімделген жағдайда Қазақстан Республикасынан әлемнің барлық мемлекеттеріне шығу үшін жарамды болып табылады.

4. Дипломаттық паспортты Қазақстан Республикасының осындай паспорт берілетін лауазымды адамдарының тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі береді.

Сыртқы істер министрінің Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша ерекше жағдайларда тізбеде көрсетілмеген тұлғаларға дипломаттық паспорт беруге құқығы бар.

5. Ұзақ мерзімді шетелдік іссапарларға шығатын және дипломаттық паспорты бар адамдармен бірге жол жүретін жұбайларына, 18 жасқа дейінгі балаларына да дипломаттық паспорт беріледі. 16 жасқа дейінгі балалардың деректері ата-аналардың бірінің паспортына жазылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом