"Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасы Президентінің
арнайы Өкiлi туралы ереже туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 1996 жылғы 18 сәуірдегі № 2955 Жарлығы
ҚР Президентінің 2006.25.07. № 155 Жарлығымен күші жойылды
"Байқоңыр" ғарыш айлағында Қазақстан Республикасының юрисдикциясын және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын сақтау мақсатында қаулы етемiн:
1. "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы Өкiлi туралы ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентінің 1996 жылғы
18 сәуірдегі № 2955
Жарлығымен бекітілген
"Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасы
Президентінің арнайы Өкiлi туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы Өкiлi (бұдан әрi - Өкiл) оны жалға беру жағдайында Қазақстан Республикасының юрисдикциясын және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты Қазақстан-Ресей уағдаластықтарында айқындалған мәселелер бойынша "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасы Президентінің уәкiлдi адамы болып табылады.
2. Өкiл өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде "Байқоңыр" ғарыш айлағы жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкiметаралық комиссиясымен, "Байқоңыр" кешенiнiң Үйлестiру кеңесiмен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен және лауазымды адамдарымен, сондай-ақ Байқоңыр қаласының әкімімен, Ресей Федерациясының, органдарымен, ұйымдарымен және "Байқоңыр" ғарыш айлағында өз қызметiн жүзеге асыратын ТМД-ға қатысушы басқа да мемлекеттермен өзара iс-қимыл жасайды.