Екінші деңгейдегі банктердің аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу ережесін бекіту жөнінде Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 397 қаулысы
(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.13 05. № 61 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 261 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының аумағында вексель айналысын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Екінші деңгейдегі банктердің аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу ережесі бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін.
2. Банктерді қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының 1999 жылғы
15 қарашадағы № 397 қаулысымен
бекітілген
Екiншi деңгейдегi банктердiң аударым және жай вексельдермен
операциялар жүргiзу ережесi