Түрлi түстi көбейткiш (көшipме) техникасын әкелу, өткізу, сатып
алу, сақтау, есепке алу мен пайдалану, онымен жарақталған
көбейткiш учаскелерiн ашу және жұмыс iстеу тәртібі туралы Нұсқауды
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Iшкi
Iстер Министрлігігінің 31 желтоқсандағы 1993 ж. № 473 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2005.28.03. № 198 бұйрығымен күші жойылды
1. Түрлi түстi көбейткiш (көшiрме) техникасын әкелу, өткізу, сатып алу, сақтау, есепке алу мен пайдалану, онымен жарақталған көбейткiш учаскелерiн ашу және жұмыс iстеу тәртібі туралы Нұсқау бекітілiп, 1994 жылғы ақпанның 1-iнен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Облыстар мен көлiктегi IIБ, Алматы қалалық IIББ, Ленинск қалалық IIВ бастықтары;
2.1. Аталған Нұсқауды тиiстi қызмет қызметкерлерiнiң оқып-бiлуiн ұйымдастырсын және олардан зачет қабылдауды қамтамасыз етсiн.
2.2. 1994 жылдың 1 сәуiрiне дейiн түрлi түстi көбейткiш (көшiрме) техникасымен жарақталған көбейткiш учаскелерiнiң жұмыс iстеу тәртібін тексерсiн және олардың жұмысына қатаң бақылау орнатсын.
3. Қазақстан Республикасы IIМ 1993 жылғы қарашаның 22-індегі № 12/3-560 үкімінiң күшi жойылды деп саналсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы IIМ ҚТОББ жүктелсiн.
Министр
iшкi қызмет генерал-лейтенанты
Түрлi түстi көбейткiш (көшiрме) техникасын әкелу,
өткізу, сатып алу, сақтау, есепке алу мен пайдалану, онымен
жарақталған көбейткiш учаскелерiн ашу және жұмыс iстеу тәртібі
туралы Нұсқауды
Келiсу қағазы
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуратурасы
Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлігі
Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрлігі