Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына тұз қышқылының транзитіне рұқсат беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 ақпандағы № 193 қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына тұз қышқылының транзитіне рұқсат беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 ақпандағы № 193 қаулысы
Датавторник, 6 февраля 2001
Статус
Действующийвведен в действие с 6 февраля 2001
Дата последнего изменениявторник, 6 февраля 2001

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Gold+, Bin+, Silver+, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясынан
Қырғыз Республикасына тұз қышқылының транзитіне рұқсат беру
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы
6 ақпандағы № 193 қаулысы

«Қару-жараққа, әскери техникаға және екі ұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және «Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген мөлшерде және бағыт бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына «Каустик» жабық акционерлік қоғам (Стрерлитамак қаласы, Башқұртстан Республикасы) 2000 жылғы 19 мамырдағы № 3/188 жеткізу шартына сәйкес «Тони» өндірістік-коммерциялық фирмасына (Бішкек қаласы, Қырғыз Республикасы) беретін тұз қышқылының транзитіне рұқсат етілсін.

2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес қауіпсіздіктің ерекше шараларын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тұз қышқылын темір жол көлігімен тасымалдауды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тұз қышқылы транзитін бақылауды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдасын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

                                           Қазақстан Республикасы

                                                       Үкіметінің

                                           2001 жылғы 6 ақпандағы

                                                  № 193 қаулысына

                                                          қосымша

 

«Каустик» жабық акционерлік қоғамы 2000 жылғы

19 мамырдағы № 3/188 жеткізу шарты бойынша «Тони»

өндірістік-коммерциялық фирмасына беретін өнімнің

Өзіндік ерекшелігі

 

 _________________________________________________________________________
 Р/с ! Өнімнің толық атауы! Өлшем ! Мөлшері ! Бағасы  ! Жалпы құны
  №  !                    !бірлігі!         !1 тоннаға! ресейлік рубльмен 
     !                    !       !         !ресейлік !
     !                    !       !         !рубльмен !
 _________________________________________________________________________
  1           2               3        4        5             6
 _________________________________________________________________________
 1    Техникалық тұз       тонна     120        840       100800
      қышқылы
 _________________________________________________________________________
     
     СЭҚ ТН коды - 280610000
     Келісім-шарттың жалпы сомасы: ҚҚС-н (20%) есепке 
     алынған жүз мың сегіз жүз ресей рублі.
     
     Тұз қышқылының қозғалыс бағыты:
     Жөнелту станциясы: Ресей Федерациясы Куйбышев темір
     жолы, Косяковқа
     Мақсатты станциясы: Қырғыз темір жолы, Беловодское
     Шекарадан өту станциясы: Елек - Луговая.

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!