Білім ұйымдарында эксперимент есебінде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, тексеру және
енгізу тәртібінің Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 10 сәуірдегі № 240 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 58 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 18 бабына сәйкесті ереженiң жүзеге асырылуы үшiн, білім ұйымдарының инновациялық белсендiлiгiн дамытып және экспериментальдік қызметін реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Білім ұйымдарында эксперимент есебінде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, тексеру және енгізу тәртібі туралы ережелері бекітілсін.
2. Жоғары және орта кәсіптік білім департаменті (Ә. Әбжаппаров) осы бұйрықты, белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә. Ахметовке жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрлігінiң
10 сәуiр 2001 жылғы
№ 240 бұйрығымен бекітілдi
Бiлiм ұйымдарында эксперимент есебiнде жүзеге асырылатын білiм беру бағдарламаларын
әзiрлеу, тексеру және енгізу тәртібі туралы
ережелер
1. Жалпы ережелер
1. Осы Білiм ұйымдарында эксперимент есебiнде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын әзiрлеу, тексеру және енгізу ережелерi (әрi қарай - Ережелер) Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңының 18 бабына сәйкес әзiрленген және білiм беру Бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған білім ұйымының эксперимент есебiнде мақсаты мен мiндеттерi, мазмұны, құру шарты мен тәртібін айқындайды (әрi қарай - экспериментальдiк бағдарлама).
2. Экспериментальдiк бағдарламаларының мақсаты ұлттық білім беру жүйесiнiң дамытылуы және жетілдiруi, ғылыми, педагогикалық, құқықтық, қаржы-экономикалық, кадрлық және материалдық-техникалық мәселелердiң алдын-ала шешiлiп қамтамасыз етілуi болып табылады.
3. Экспериментальдiк бағдарламаларының мiндеттерi: