Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралы
ұйымдардың шешімдерiн iске асыру мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 9 сәуiрдегі № 2940 Жарлығы
(ҚР Президентінің 07.05.04 ж. № 1361 Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығымен күші жойылды
(Бұрынғы ред. қара)
ҚР Президентінің 07.05.04 ж. № 1361 Жарлығымен Тақырып және кіріспе өзгертілді (бұр.ред. қара)
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытының тұтастығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен уағдаластықтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдерiн iске асыруға бақылауды күшейту және оларды атқарудың бiрыңғай тәртібін белгiлеу мақсатында Қаулы Етемiн:
ҚР Президентінің 07.05.04 ж. № 1361 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдерiн iске асыру ережесi (қоса берiлiп отыр) бекітілсiн.
ҚР Президентінің 07.05.04 ж. № 1361 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)