Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі № 3645 өкімі (ҚР Президентінің 25.07.02 ж. № 331 Өкімімен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 22 сентября 1997
Статус
Утратил силу
утратил силу с 23 июня 2009

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы
орта білім беру жүйесiн ақпараттандыру жөніндегі мемлекеттік
бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1997
жылғы 22 қыркүйектегi № 3645 өкімі

(ҚР Президентінің 25.07.02 ж. № 331 Өкімімен енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесiн дамыту мақсатында қаулы етемiн:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесiн ақпараттандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бiр ай мерзiмде Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шараларын әзiрлейтiн болсын.

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. Назарбаев

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТА

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

КIРIСПЕ

Қазақстандағы жаңа қоғамдық-саяси және әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар білім беру саласында түбегейлi жаңа жағдайлар туғызып отыр. Орта білім жүйесiнде демократиялық мемлекет пен нарықтық экономика талаптарына сай келетiн түбiрлi өзгерістер қажет етiледi.

Қазақстан Республикасы, дүние жүзіндегі дамыған елдер тәрiздi, бiрыңғай ақпараттық білім беру желiсiне негiзделген бiртұтас ақпараттық-білім беру кеңiстiгiн қалыптастыру - орта білім беру жүйесiн ақпараттандыру жолына бет бұруы тиiс.

1. Негiзгi проблемалар, мақсаттар мен мiндеттер

Орта білім беру жүйесiн ақпараттандыру бағдарламасы орта білім беру жүйесiн дамытудың Мемлекеттік Тұжырымдамасына негiзделген және мынадай негiзгi проблемаларды шешуге бағытталған:

- қоғамның қоғамдық талаптарына сай білім берудi дамытудың жалпы мемлекеттік стратегиясын әзiрлеу және жүзеге асыру;

- отандық білім беру жүйесiн бiрыңғай дүниежүзiлiк ақпараттық-білім беру кеңiстiгiмен бiрiктiру;

- орта білім беру жүйесiн ақпараттандыруға бағытталған практикалық шаралар кешенiн айқындау және жүзеге асыру.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом