Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы
Үкіметінiң арасындағы автомобиль жолдарының жекелеген
учаскелерiн пайдалану жөніндегі келісім
(Ташкент қ. 1998 ж. 27 наурыз)
Келісім Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 8 мамырдағы № 223-1 Заңына сәйкес бекітілді
Осы Келісімнің күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ҚР Үкіметінің 2003 ж. 8 мамырдағы № 434 қаулысына сәйкес ҚР Парламентi Мәжілісiнің қарауына енгiзiлді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі,
Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының арасындағы 1994 жылғы 30 сәуірдегі Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру туралы шартты басшылыққа ала отырып,
елдер арасындағы қол жеткен экономикалық өзара iс-қимыл деңгейiне сүйене отырып,
көлiктік коммуникацияларды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге тiлек бiлдiре отырып және автомобиль жолдарын бiрлесiп және келiсіп пайдаланудың маңыздылығы мен қажеттiгiн жете түсiне отырып,
көлiк жүйелерінің технологиялық бiрлігін сақтау және көлiктiк шығындарды азайту қажеттiгiнен шыға отырып,
жолаушылар мен жүктердiң еркiн қозғалысы үшiн жағдай жасау мақсатында,
төмендегi туралы келiстi:
1-бап
Өзбекстан Республикасының аумағы бойынша өтетiн жүру бөлігінің шетiнен екi жаққа 30 метрден санитарлық-қорғау аймағы бар, ұзақтығы 24,5 километр Жетiсай-Шардара автомобиль жолының учаскесi он жыл мерзiмге Қазақстан Республикасына өтеусiз негiзде (төлемсiз) уақытша пайдалануға берiледi.
Жолдың осы учаскесi Шардара су қоймасының батыс жағалауы бойынша Махталы ауылынан батысқа қарай аудандағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына, солтүстiк-шығысқа қарай жалпы бағытта Арнасай ауылы, Арнасай ағынды суы бөгетi арқылы солтүстiк-батысқа Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейін өтеді.
2-бап