"Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің
арасындағы жолаушыларды, жүктер мен багажды транзиттiк тасымалдау,
Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының автомобиль және
темір жол магистральдары арқылы жүруі барысында олардың сақталуы мен
қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы келісімнің және Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкiметінің арасындағы
автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiн пайдалану жөніндегi
келісімнің күшін жою туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 8 мамырдағы № 434 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы жолаушыларды, жүктер мен багажды транзиттiк тасымалдау, Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының автомобиль және темір жол магистральдары арқылы жүруi барысында олардың сақталуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы келісімнің және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiн пайдалану жөніндегі келісімнің күшін жою туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
жоба
Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Өзбекстан Республикасы
Yкіметінің арасындағы жолаушыларды, жүктер мен багажды транзиттiк
тасымалдау, Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының
автомобиль және темір жол магистральдары арқылы жүруі барысында олардың
сақталуы мен қауіпсiздiк қамтамасыз ету туралы келісімнің және
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы
Yкіметінiң арасындағы автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiн
пайдалану жөніндегi келісімнiң күшiн жою туралы
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. 1998 жылғы 27 наурызда Ташкент қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Өзбекстан Республикасы Yкіметінің арасындағы жолаушыларды, жүктер мен багажды транзиттiк тасымалдау, Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының автомобиль және темір жол магистральдары арқылы жүруi барысында олардың сақталуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы келісімнiң және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінiң арасындағы автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiн пайдалану жөнiндегі келісімнің күшi жойылсын.
2-бап. Осы Заң Өзбекстан Республикасының Үкіметін осы Заңның 1-бабында көрсетiлген Келісімдердің қолданылуын Қазақстан Республикасының тоқтату ниетi туралы белгіленген тәртiппен хабарландырған күннен бастап 6 ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті