Введите номер документа
Прайс-лист

Адвокаттық және нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензиялардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. 23 желтоқсандағы № 1325 қаулысы (2008.28.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 23 декабря 1998
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 июня 2012

Адвокаттық және нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензиялардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. 23 желтоқсандағы № 1325 қаулысы

(2008.28.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына және Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның;

нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның нысандары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметін, адвокаттық және нотариалдық қызметтер көрсетуді, жылжымайтын мүлікті бағалауды лицензиялау мәселелері» туралы 1997 жылғы 15 тамыздағы № 1262 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 37, 359-құжат) 3-тармағындағы төртінші және бесінші абзацтарының күші жойылған деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Н. Балғымбаев

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

1998 жылғы 23 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен

бекітілген

 

ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның нысанына өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 қаулысымен нысан өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының елтаңбасы

Мемлекеттік лицензия

 

____________________________________________________________

(жеке тұлғаның толық аты-жөні)

адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілді.

Лицензия, мерзіміне шек қойылмай берілетін, бас лицензия  болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

Лицензияны Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгінiң Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті берген.

Комитеттің төрағасы ______________________

(қолы)

Лицензияның берілген күні «____»____________199__ж.

Лицензияның нөмірі ____________

________________қаласы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

1998 жылғы 23 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен

бекітілген

 

ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен Нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның нысанына өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 қаулысымен нысан өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының елтаңбасы

Мемлекеттік лицензия

 

____________________________________________________________

(жеке тұлғаның толық аты-жөні)

нотариалдық қызметпен айналысу құқығына берілді.

Лицензия, мерзіміне шек қойылмай берілетін, бас лицензия  болып табылады және  Қазақстан  Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

Лицензияны Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетi берген.

Комитеттің төрағасы ______________________

(қолы)

Лицензияның берілген күні»____"____________199__ж.

Лицензияның нөмірі ____________

________________қаласы

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом