Введите номер документа
Прайс-лист

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін және Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарының тізбесін бекіту туралы 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 318 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (ҚР Президентінің 21.03.02 ж. № 825; 16.05.03 ж. № 1094 Жарлықтарымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 29 января 1999
Статус
Утратил силу

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін және
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарының тізбесін бекіту туралы
1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 318 Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы (ҚР Президентінің 21.03.02 ж. № 825; 16.05.03 ж. № 1094
Жарлықтарымен енгізілген өзгерістерімен)

ҚР Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 Жарлығымен күші жойылды

Бұрынғы редакцияларды қара

"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімі;

2) Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өздерінің құрылымдары мен штат кестелерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

3. Мемлекеттік органдарға Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде және Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарының тізбесінде көрсетілген лауазымдар атауына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнаулы қосымша атаулар қолдануға құқық берілсін.

4. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:

1) "Мемлекеттік қызметшілердің біліктілік сыныптары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 12 шілдедегі № 3055 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 31, 279-құжат);

2) "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығымен белгіленген лауазымдар санаттарына мемлекеттік қызметшілердің жекелеген лауазымдарын жатқызу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 қыркүйектегі № 3117 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 37, 351-құжат);

3) "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығының 8-бабын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 1 шілдедегі № 3575 Жарлығы.

5. Осы жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы

Президентінің 1999 жылғы

29 желтоқсандағы № 318

Жарлығымен

бекітілген

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами