Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығы (2025.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датачетверг, 13 апреля 2000
Статус
Действующийвведен в действие с 13 апреля 2000
Дата последнего изменениявторник, 26 августа 2025

Қазақстан РеспубликасыНЫҢ Президентінің
Жарлығы
 
Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы

(2025.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Президентінің 2024.28.02. № 488 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Мемлекеттік құпияларды қорғау саласында бірыңғай саясатты қамтамасыз ету мақсатында «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

2. Тізбеде көрсетілген мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына нақты мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған оның құзыреті шеңберінде салалық (ведомстволық) тиесіліктегі мәліметтерді, сондай-ақ өздерінің ұсынуы бойынша басқа мемлекеттік органдардың тиісті тақырыптық бағыттағы мәліметтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнінде өкілеттік берілсін.

3. Мемлекеттік органдардың мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген лауазымды тұлғалары нақты мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөніндегі өздері қабылдаған шешімдердің негізділігі мен осы мәліметтерді уақтылы құпиясыздандыру үшін жеке жауапты болады деп белгіленсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2000 жылғы сәуірдің 13-і.

 

№ 371

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом