Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік
қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 423 Жарлығы
(2007.20.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 1029 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының мәдени және гуманитарлық салаларын дамытуға бағытталған қайырымдылық және демеушілік қызметін көтермелеу мақсатында қаулы етемін:
ҚР Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 349 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің екі жылда бір рет берілетін 30 Құрмет дипломы (бұдан әрі - Диплом) тағайындалсын.
2. Қоса беріліп отырған:
Диплом нысанының сипаттамасы;
Дипломның омырауға тағатын белгісінің сипаттамасы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Дипломмен марапаттауға байланысты мәселелерді қарау жөніндегі ережені әзірлесін және бекітсін;
2) Дипломды беру жөніндегі комиссияны құрсын және оның құрамын бекітсін;
ҚР Президентінің 2007.20.06 № 349 Жарлығымен 3)-тармақша редакцияда (бұр. ред. қара)
3) дипломдарды әзірлеуге байланысты шығыстарды қаржыландыруды олар берілетін жылғы республикалық бюджетте көздесін;
ҚР Президентінің 2007.20.06 № 349 Жарлығымен 4)-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) Дипломмен марапатталуға ұсынылатын адамдардың дербес құрамын екі жылда бір рет бекітуге ұсынсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Президенті | |
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2000 жылғы 31 шілдедегі
№ 423 Жарлығымен
бекітілген
Мәдени және гуманитарлық салалардағы
қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін
Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы нысанының
СИПАТТАМАСЫ