Введите номер документа
Прайс-лист

Элиталық тұқым шаруашылығының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 7 шілдедегі № 178 бұйрығы (ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.10.01 ж. № 336; 29.04.03 ж. № 236 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 7 июля 2000
Статус
Утратил силу
утратил силу с 12 ноября 2008

Элиталық тұқым шаруашылығының кейбір мәселелері туралы Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 7 шілдедегі № 178
бұйрығы
(ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.10.01 ж. № 336;
29.04.03 ж. № 236 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008.12.09. № 575 Бұйрығымен күші жойылды

 

Бұрынғы редакцияларды қара

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы Қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1731 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы Қағиданың 10 тармағының 7-тармақшасына сәйкес, элиталық тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті ретке келтiру және оны мемлекеттік қолдау мақсатында

Бұйырамын:

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.04.03 ж. № 236 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Қоса берiлiп отырған:

1) элиталық тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын заңды және жеке тұлғаларды аттестациялау Ережелерi;

2) элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық ретiнде аттестациялау туралы заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiшiнiң үлгiсi;

3) алынып тасталды;

4) элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық статусын беру туралы куәлiк бланкiсiнiң үлгiсi бекітілсiн.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.04.03 ж. № 236 бұйрығымен 2-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)

2. алынып тасталды

3. Элиталық тұқым шаруашылығын қаржыландыру бағдарламасына беруге көзделiнген республикалық бюджеттiң қаражаты тек қана элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық статусы бар заңды және жеке тұлғаларға тұқым өткізудiң көрсетiлген лимит шегiнде бөлiнетiнi белгiленсiн.

4. Құқықтық және ұйымдастыру жұмысы департаментi элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық статусын беру туралы куәлiктiң 200 бланкiсiн дайындауды қамтамасыз етсiн.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-Министр А.И. Мырзахметовке жүктелсін.

6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Министр

С. Мыңбаев

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом