Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың Үлгі
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі 2000 ж. 10 шілдедегі № 707 бұйрығы
(ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.02 ж. № 393; 15.03.03 ж.
№ 157; 30.05.03 ж. № 364; 16.04.04 ж. № 327 бұйрықтарымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005.15.04. № 244 Бұйрығымен күші жойылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 16.04.04 ж. № 327 бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына сәйкес
Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережесі бекітілсін (қосымша).
2. Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармалары (департаменттері) осы бұйрықты меншік нысандарына қарамастан барлық орта кәсіптік оқу орындарына жеткізсін.
3. Бастауыш және орта кәсіптік білім департаменті (Қ. Лекер) белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен тіркеуден өткізсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігінің
10 шілде 2000 ж. № 707
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының орта кәсіптік
оқу орындарына қабылдаудың
Үлгі ережесі
ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.02 ж. № 393 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.03 ж. № 364 бұйрығымен өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының кәсiптiк орта оқу орындарына Қазақстан Республикасының азаматтары; Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарымен жасалған халықаралық шарттар, келісімдер, сондай-ақ келісім шарттар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар; жалпы негiзгi, жалпы орта немесе кәсiптiк бастауыш білімi бар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғалары қабылданады.