Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері Қазақстан Республикасының
азаматтығы мәселелерiне қатысты құжаттарды ресiмдеу жөнiндегі нұсқаулығын
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
2000 ж. 21 қарашадағы № 263 бұйрығы
(2006.23.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2006.23.01. № 08-1/16 бұйрығымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2006.23.01. № 08-1/16 бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегi № 3120 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелердi қарау ережелерге сәйкес бұйырамын:
ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2006.23.01. № 08-1/16 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерiне қатысты құжаттарды ресiмдеу жөніндегі нұсқаулығы бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1997 жылғы 17 ақпанда № 262 болып тiркелген, 1996 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен және өкiлеттi өкiлдiктерiнiң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерiне қатысты құжаттарды ресiмдеу жөніндегі нұсқаулығының күшi жойылған деп танылсын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелу күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер Министрінің
2000 жылғы 21 қарашадағы № 263
бұйрығымен бекітілген
ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2006.23.01. № 08-1/16 бұйрығымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты
құжаттарды Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің
ресiмдеуi жөніндегі нұсқаулық