Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың келіп-қайтуына уақытша жабық аумақтарының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 153 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 31 января 2001
Статус
Утратил силу
утратил силу с 8 января 2009

Қазақстан Республикасының шет ел азаматтарының және азаматтығы
жоқ адамдардың келiп-қайтуына уақытша жабық аумақтарының тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 153 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 1170 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың келiп-қайтуына уақытша жабық аумақтарының тiзбесi бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың келiп-қайтуына уақытша жабық аумақтарына шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың кiруiне, қабылдаушы мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы мәселенi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және Ішкi iстер министрлігімен келiскеннен кейiн, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келісім бойынша) рұқсат етедi.

3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасының шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың келiп-қайтуына уақытша жабық аумақтарының тiзбесiн Қазақстан Республикасында тiркелген шетелдiк дипломатиялық және консулдық өкiлдiктерiнiң назарына жеткiзсiн.

Қазақстан Республикасында тiркелген шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдықтарына шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың келiп-қайтуына республиканың басқа да аумақтарының қосымша уақытша жабылуы туралы хабарлансын.

4. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2001 жылғы 31 қаңтардағы

№ 153 қаулысына

1-қосымша

Қазақстан Республикасының шет ел азаматтарының және

азаматтығы жоқ адамдардың келiп-қайтуына

уақытша жабық аумақтарының

ТIЗБЕСI

Жамбыл облысы

Гвардейский қала үлгісiндегi кентi, шекпен шектелген аумағы: Алматы және Жамбыл облыстары түйiскен жерлерде орналасқан Россавел кентi, Отар стансасынан 10 шақырым жерде орналасқан Құлжабасы темір жол айрығы - 2006 жылға дейiн.

Батыс Қазақстан облысы

Бөкейордасы және Жаңақала аудандары - 2006 жылға дейiн.

Қарағанды облысы

Приозерск қаласы, Гүлшат кентi - 2006 жылға дейiн.

Қызылорда облысы

Байқоңыр қаласы, Қармақшы және Қазалы аудандары - 2006 жылға дейiн.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2001 жылғы 31 қаңтардағы

№ 153 қаулысына

2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң

ТIЗБЕСI

1. «Қазақстан Республикасының шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың келiп-қайтуына уақытша жабық қалалары мен аудандарының тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 3 тамыздағы № 646-25 қаулысы.

2. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 3 тамыздағы № 646-25 қаулысына өзгерту енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 2 желтоқсандағы № 1461-62қ қаулысы.

3. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 3 тамыздағы № 646-25 және 1993 жылғы 27 тамыздағы № 744-28 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 7 мамырдағы № 802-30қ қаулысының 1-тармағының 1-тармақшасы.

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом